Microsoft Қытайда LinkedIn-ді жабады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft Қытайда LinkedIn-ді жабады ©REUTERS

Microsoft корпорациясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты LinkedIn-ді жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft корпорациясы Бейжің тарапынан қатаң шектеуге байланысты LinkedIn-ді жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Компания өз хабарламасында сайтты тоқтату "күрделі операциялық жағдайға және Қытайдағы заңнаманы сақтауға қойылатын қатаң талаптарға" байланысты болғанын мәлімдеді.

LinkedIn "тыйым салынған ақпаратты" таратқан Қытайдағы америкалық журналистердің парақшаларын бұғаттағаны үшін сынға алынды. Дәл осындай себеппен академиктер, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да қайраткерлердің парақшалары бұғатталды. Құқық қорғау ұйымдары бұл істі айыптады.

Әлеуметтік желінің 2014 жылы іске қосылған локализацияланған платформасы Қытай заңдарына сәйкес келуі керек.

LinkedIn - Қытайда жұмыс істейтін америкалық үлкен компания, өйткені үкімет Facebook және Twitter сияқты танымал желілерді бұғаттап тастаған.

Әлеуметтік медиа сайттары Қытайда қатаң ережелерге бағынады, үкімет талабы бойынша Қытайдағы қолданушылардың жеке деректерін жіберуге міндетті. Сондай-ақ, платформалар Қытайдың билеуші Коммунистік партиясын сынға алған хабарламаларды жоюға міндеттеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети