Кадр youtube.com-нан алынды
Жүрек жұтқан австриялық Феликс Баумгартнердің стратосферадан (атмосфераның тропосферадан жоғарғы қабатынан) жасаған секіру сәтін енді ғаламтордан тамашалауға болады. Парашютшінің денесіне шағын бейнетаспа орнатылған. Осылайша таң қаларлық биіктіктен секіруді түсірген бейнежазбаны GoPro компаниясы өткен аптада YouTube желісінде жариялады. Көрермен бұл роликтен әуеде самғаудың қандай болатынын басынан аяғына дейін тамашалай алады. Онда қауіпті кадрлар да бар. Мысалы, парашютші әуеде қалықтап келе жатып айналғанда өз-өзіне ие бола алмай, төңкерілістері үздіксіз жалғасып, әбден есі шығады. Тәуекелге бас тіккен спортшының төмен қарай үлкен жылдамдықпен құлдырауы кезеңінде ағзаға түскен салмақтан оның көз шарасы немесе миындағы қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін еді. Феликс Баумгартнердің аты 2012 жылдың 14 қазанында стратосферадан Жерге (39 шақырым биіктіктен) секіріс жасау үшін шешім қабылдағанда тарихқа еніп еді. Парашютшінің бұл шешімі ерлік деп танылған. Одан бері австриялық бірнеше рет рекорд жаңартты: парашютпен ең жоғары биіктіктен секіру; әуеден еркін құлаудағы ең үлкен арақашықтық, стратостаттпен ең жоғары биіктікке ұшу және жоғарыдан төменге еркін құлдыраудың ең жоғары жылдамдығы (дыбыс жылдамдығынан да асып кеткен) - бір сағаты 1342,8 шақырымды құраған. Жоғарыдан төменге еркін құлдыраудағы рекорд сақталып қалды. 43 жастағы парашютшінің аспанның ең жоғарғы қабатынан жасаған секірісі YouTube желісінде трансляцияланған. Бір уақытта оны әлемнің 8 миллион адамы тамашалаған.
Жүрек жұтқан австриялық Феликс Баумгартнердің стратосферадан (атмосфераның тропосферадан жоғарғы қабатынан) жасаған секіру сәтін енді ғаламтордан тамашалауға болады. Парашютшінің денесіне шағын бейнетаспа орнатылған. Осылайша таң қаларлық биіктіктен секіруді түсірген бейнежазбаны GoPro компаниясы өткен аптада YouTube желісінде жариялады.
Көрермен бұл роликтен әуеде самғаудың қандай болатынын басынан аяғына дейін тамашалай алады. Онда қауіпті кадрлар да бар. Мысалы, парашютші әуеде қалықтап келе жатып айналғанда өз-өзіне ие бола алмай, төңкерілістері үздіксіз жалғасып, әбден есі шығады. Тәуекелге бас тіккен спортшының төмен қарай үлкен жылдамдықпен құлдырауы кезеңінде ағзаға түскен салмақтан оның көз шарасы немесе миындағы қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін еді.
Феликс Баумгартнердің аты 2012 жылдың 14 қазанында стратосферадан Жерге (39 шақырым биіктіктен) секіріс жасау үшін шешім қабылдағанда тарихқа еніп еді. Парашютшінің бұл шешімі ерлік деп танылған. Одан бері австриялық бірнеше рет рекорд жаңартты: парашютпен ең жоғары биіктіктен секіру; әуеден еркін құлаудағы ең үлкен арақашықтық, стратостаттпен ең жоғары биіктікке ұшу және жоғарыдан төменге еркін құлдыраудың ең жоғары жылдамдығы (дыбыс жылдамдығынан да асып кеткен) - бір сағаты 1342,8 шақырымды құраған. Жоғарыдан төменге еркін құлдыраудағы рекорд сақталып қалды.
43 жастағы парашютшінің аспанның ең жоғарғы қабатынан жасаған секірісі YouTube желісінде трансляцияланған. Бір уақытта оны әлемнің 8 миллион адамы тамашалаған.