22 сәуір 2014 | 19:47

Павел Дуров шетелде жаңа әлеуметтік желі қалыптастырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павел Дуров. ©vk.com Павел Дуров. ©vk.com

"ВКонтакте" порталының негізін қалаушы Павел Дуров шетелде жаңа әлеуметтік желі қалыптастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru"-ға сілтеме жасай отырып. 


Иконка комментария блок соц сети

"ВКонтакте" порталының негізін қалаушы Павел Дуров шетелде жаңа әлеуметтік желі қалыптастырмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru"-ға сілтеме жасай отырып. 

Өзінің басқа жаққа кететіні туралы айтқан Павел Дуров 2014 жылдың аяғына дейін мобильді құрылғыларға арналған әлеуметтік желі құратыны туралы хабардар етті. Оның кезекті жобасы Telegram қызметінде бар ресурстар негізінде жасалмақ. 

Тілшілермен тілдескен кәсіпкер өзінің Ресейде емес екенін айтқан. "Мен Ресейге қайтып оралмаймын. Әзірге бұл елде  интернет-бизнеспен айналысу мүмкін емес", - дейді Дуров. 

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Дуров үнемі ресейліктерді отанынан кетпеуге шақыратын манифесттер жариялап отыратын. Ол бұған дейін талай рет Ресейде ойыңды ашық білдіруге мүмкіндіктің бар екенін, салықтың төмен екенін, өз ісіңді дөңгелетуге болатынын дәлел ретінде келтірген.

Белгілі болғанындай, Дуров қызметінен кету туралы арызды 21 наурызда жазған. Оның өкілеттілігі бір айдан кейін тоқтады. Оның міндеті жобаның бірінші орынбасары  Борис Добродеев пен атқарушы директор Дмитрий Сергеевке жүктеліпті.

17 сәуір күні Дуров өзінің компаниядағы акцияларын ФҚҚ-ның (Федеральды қауіпсіздік қызметі) қысымымен сатқандығын айтты. Дуровтан ведомства қызметкеткерлері украиналық оппозиция мен "Еуромайдан" ұйымдастырушылары туралы ақпаратты талап еткен көрінеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети