Қазақстан дизайнерлері Наурыз мейрамына арнап эмодзилер салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан дизайнерлері Наурыз мейрамына арнап эмодзилер салды © Rocket Firm

Қазақстандық дизайнерлер Наурызға орай мерекелік эмодзилер бейнеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дизайнерлер Наурызға орай мерекелік эмодзилер бейнеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бешбармақ, киіз үй, бауырсақ, көрпе мен домбыраны бейнелейтін эмодзилер Rocket Firm студиясының Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Студия директоры Олег Качалиннің айтуынша, бұл картиналар қазақ стиліндегі эмодзилердің бір бөлігі ғана.

"Біз сәуірдің ортасына дейін iOS және басқа да платформаларға арнап пернетақта немесе Telegram-ға арналған стикер түріндегі эмодзилер жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен мейрам алдында мерекелік көңіл-күй сыйлайтын осындай иллюстрациялардың бір бөлігін жариялауды жөн көрдік", - деді Олег Качалин.

Айта кетейік, иллюстрациялардың арасында күннен қорғайтын көзілдірік киген әнші де бар.

"Бұл әншінің символы. Мұртты шенеунік те бар. Бұл жағдайда ол мерекелік шараға шақырылып, ортаға отырғызылған құрметті адам", - деді студия директоры.

Эмодзи - электрондық хабарламалар мен веб-парақшаларда қолданылатын идеограммалар мен смайликтер. Мұндай картиналар ең алғаш рет Жапонияда шығарылып, кейін әлемге таралды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети