Қазақстанда тауар бағаларына сараптама жасау мүмкіндігі бар қосымша жасалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тауар бағаларына сараптама жасау мүмкіндігі бар қосымша жасалып жатыр © REUTERS

Қазақстанда дүкендердегі тауарлардың бағасын салыстыруға арналған мобильді қосымша шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дүкендердегі тауарлардың бағасын салыстыруға арналған мобильді қосымша шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Greedy қосымшасын қолданушылар түрлі сауда орындарындағы тауарлардың бағаларының базасын жасай алады, осы арқылы белгілі бір қаладағы тауарлардың жалпы бағасы белгілі болады. Бағдарламада қаптаманың сыртындағы штрих-кодты оқитын сканер болады, сонымен қатар, дүкенді GPS арқылы анықтауға болады.

Жобаның қыркүйек айында шығатын алғашқы кезеңінде ақпараттар жинақталады. Осыдан кейін қолданушы өзіне керек азық-түліктің атын немесе тағамның кодын енгізіп, қай дүкеннің оны тиімді бағамен сататынын анықтай алады. Екінші кезеңде қосымша арқылы екі бірдей дүкеннен сатып алу, бағаларды немесе арнайы жеңілдіктерді жүктеп алуға болатын мүмкіндік туады.

Қосымшаны Қазақстанның кез келген аймағында пайдалануға болады. Жоба авторларының айтуынша, оларға Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоры қолдау білдіріп отыр. Қосымшаны тегін жүктеумүмкіндігі қарастырылған.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети