Қазақстандықтардың жеке мәліметтері сақталған сайт әшкере болды

Қазақстандықтардың жеке мәліметтері сақталған сайт әшкере болды Көрнекі сурет © pixabay.com

Роскомнадзор қызметкерлері Қазақстанның 34 және Ресейдің 60 қаласының тұрғындары жайлы жеке мәлімет сақталған интернет-ресурсты анықтады. Бұл туралы ведомство сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әңгіме домені Францияда орналасқан портал жайлы. Сайт өзін "телефон анықтамалығы" деп жариялап, тіркелушілерге мәліметтер базасында ұялы телефон нөмірін енгізу ақылы SMS-пен кіру кодын алуды ұсынады. 

Мамандар ресейлік және қазақстандық тұрғындардың, оның ішінде миллионға жуық адамның тегі, есімі, мекенжайы, алфавит бойынша жазылған телефон нөмірлерін анықтаған. 

Сайт жеке мәлімет субъектілерінің құқығын бұзушылар тізіміне енгізілді. Интернет-ресурс бұғатталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети