Қазнетте теңгені қолдауға арналған жоба пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте теңгені қолдауға арналған жоба пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Алматылық Павел Ткаченко экономикалық қиын кезеңде ұлттық валютамызды қолдау мақсатында сайт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық Павел Ткаченко экономикалық қиын кезеңде ұлттық валютамызды қолдау мақсатында сайт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павел идеяның 16 қыркүйекте, доллар бағамы 300 теңгеге дейін көтерілген күні келгенін айтты. Ол бұл кезде студенттер асханасында тамақтанып отырған екен.

"Университет асханасында тамақтанып отырып теңгенің құлдырап бара жатқанын көрдім. Көңіл-күйім түсіп кетті. Фотошопты ашып теңгені бейнеледім. Оған "сырқатынан айықсын" деген мақсатта жолжелкен жабыстырдым. Адамдарға теңгенің тезірек қалпына келуін тілеуге неге мүмкіндік бермеске деген ой келді. Tengeneboley.kz доменін сатып алып, 16 қыркүйек күні кешке сайтты іске қостым. Адамдар біртіндеп қызығушылық таныта бастады", - деді Павел Ткаченко.

"Ең бастысы - адамдарға көңіл көтеруге мүмкіндік беру. Жағымды пікірлер көп болған сайын, соғұрлым жағдай жақсарады. Сайтты қосқаннан кейін теңге де қайтадан орнына келе бастады. Бұл тек Ұлттық банктің еңбегінің ғана емес, біздің де тілегіміздің арқасында болды", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети