Pikabu интернет-қауымдастығында Чистомэн лақапатымен блог жазатын автор Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбекті посттар мен фотосуреттерге плагиат жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Pikabu интернет-қауымдастығында Чистомэн лақапатымен блог жазатын автор Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбекті посттар мен фотосуреттерге плагиат жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Челябинскілік Артур Матис-Сиразеев Чистомэн лақапатымен әлеуметтік желілерде өз блогын жүргізеді, онда туған қаласының көшелерін қоқыстан қалай тазартып жүргенін жазып, бәрін содан үлгі алуға шақырады.
1 қаңтарда Чистомэн пост жазып, Арман Тұрлыбекті плагиат жасады деп айыптады.
"Қазақстандық шенеунік бүгін менің жазбамды ұрлап алды. Қазақстан экология министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек Facebook пен Instagram желілеріне аулаларды отшашулардан қалай тазалап жатқанын баяндап, пост жариялады. Бірақ ол менің мәтінім мен суреттерімді қолданған. Таңғалғанымды айтпай-ақ қояйын. Мені авторлық контентті ұрлағаны емес, мұндай деңгейдегі шенеуніктердің 2020 жылы адам ұяларлық әрекеттер істеуі қынжылтады", - деп жазды Матис-Сиразеев.
Чистомэннің мәлімдеуінше, фотосуреттерді ол Челянбинскіде түсіріп, Pikabu мен "ВКонтакте" желісінде жариялаған. Оның сөзінше, шенеуніктің жазбасындағы мәтін оның жазғанына қатты ұқсайды.
Қазіргі уақытта Арман Тұрлыбек өз жазбасын Facebook пен Instagram желілерінен өшіріп тастаған.
Тұрлыбек ресейлік блогердің бұл айыбына қатысты пікірін айтты.
"Кей дереккөздер мені көрсетіп, "Қоқыспен күресіп жүрген Чистомэннің кім екені күтпеген жерден анықталды" - деп жазып жатыр. Достар, әрине, бұл мен емес, бірақ интернет-қолданушымен философиямыз бірдей. Шынымды айтсам, Чистомэннің отшашуларды жинағаны жайлы жазбасын оқыдым, маған қатты ұнады, себебі бұл бақырып өте маңызды және өзекті. Әріптестерімді бұл жазбаны өз парақшама жариялап жіберуді сұрадым, себебі өзім ұшаққа отырғалы жатқанмын, телефонды өшіру керек болды", - деп түсіндірді Тұрлыбек.
Айтуынша, ол өзін Чистомэн ретінде көрсеткісі келмеген. Тек блогердің жазбасын өз парақшасында жариялауды қалаған.
"Чистомэн, жазбада автордың есімі көрсетілмегені үшін кешір. Бірақ бұған көп адамның, оның ішінде БАҚ-тың назар аударғанына қуаныштымын. Себебі әдетте жиналмаған қоқыс көбін мазаламайды. Достар, айналамызға назар аударып, қоқысты жинап жүруге шақырамын", - деді комитеті басшысы.