04 ақпан 2014 | 15:01

Сайттардың трафикті жаппай сатып ала бастауы Қазнеттің дамуын тежейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат нарығына қатысушылардың трафикті жаппай сатып ала бастауы Қазнеттің дамуын тежеп, оның тұралауына да әкеп соғуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында "Қазақстанның Интернет қауымдастығы" ұйымының вице-президенті Владимир Төреханов осындай пікірімен бөліскен. Сарапшыны ғаламтордағы қазақстандық сегментке қатысты бірқатар портал танымалдылығының демде артуы және олардың 2014 жылдың ақпанының басында Zero.kz рейтингідегі ТОП-25 порталдарының ішінен лезде жоғалып кетуі күдік туғызған. Төреханов осыдан кейін статистика көшбасында тұрғандарға сараптама жасаған, сөйтіп оған қатысушылардың басым бөлігі оқырмандардың демографиясы және трафиктің қожайынына байланысты ақпаратты ашық көрсетпейтінін анықтаған. Сарапшы мұндай жағдайда трафиктің заңды-заңсыздығына байланысты мәселе туындайтындығын айтады. "Көптеген ақпараттық порталдар пайда бола бастады, олардың трафик көзі мен оқырманның саны туралы статистикасы сол күйі жасырын қалып отыр. Жекелей өзім үшін бұл арадағы трафиктің шығу тегі күмәнді. Өйткені ақпараттық порталды мұндай көлемге дейін өсіру оңай іс емес екенін мен жақсы білемін", дейді Төреханов. Бұл ретте сарапшы өсім себебі оқырмандардың нақтысында ағылуынан емес, бөтен жақтан трафиктерді сатып алумен байланысты деп болжайды. Ол трафиктерді жаппай сатып ала бастау қожайындардың сайтты дамыту ынтасын жояды деп есептейді. "Менің ойымша, негізінен ресурс танымалдығын өсіруші күш контент болып табылады. Бұл ұзақ әрі шығынды жол, бірақ дұрысы осы жол. Сенің бағасын аяқ-астынан өсіріп жіберетін, салдарынан рейтингте демде 20-30-40 сатыға бір-ақ төмеуіне ықпал ететін қандай да бір шетелдік порталға тәуелді болмауың жақсы емес пе" дейді Төреханов. Сондай-ақ ол оқырман саны мен трафик көзі туралы статистиканың жасырын болуы жарнама берушілердің сайттың бағытталған аудиториясы хақында толық ақпарат ала алмауына әкеп соғады дейді. Оның айтуынша, бизнесмендердің трафиктің шығу тегіне мән беруі Қазнетті сауықтыруға оң ықпал етеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети