02 маусым 2014 | 20:04

Secret қосымша парақшасында өсек-аяң таратқан қазақстандықтарды жауапқа тартуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uncrate.com ©uncrate.com

Secret қосымша парақшасындағы жарияланымы үшін қазақстандықтарды азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуға болады.  Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Михаил Кленчин айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Secret қосымша парақшасындағы жарияланымы үшін қазақстандықтарды азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуға болады.  Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Михаил Кленчин айтты.

Secret қосымша парақшасы жасырын өсек айтатындардың әлеуметтік желісі іспетті. Қосымшаны пайдаланушыны тіркеген соң, одан телефон нөмірі мен электрондық поштасы сұралады, содан кейін ғана ол өз байланысындағы адамдардың бір-бірімен бөліскен барлық құпиясы мен сөздерін көре алады. Алайда ол арада қандай да бір мәліметті таратқан кім, оны нақты анықтай алмайсыз, ол мүмкін емес.

Кленчин  Secret қосымшасының Қазақстанда пайдаланылуы заңға қайшы келмейтіндігін айтады. "Бейнелеп айтқанда, бұл қосымша ары-бері өтіп жатқандардың барлығына жазуы көрініп тұратын, кез келген адам өз ойын жазып кете баратын қоғамдық орындағы үлкен қабырға секілді. Жауапкершілік  бұл "қабырғада" жазылған жазудың мағынасына қарай туындайды" - дейді заңгер.

Жасырын ойын білдіру панацея да емес, жауапкершіліктен қашу да емес, өйткені ол арадағы жеке тұлғаны анықтау оп-оңай, техника мұны тез жасап береді. "Белгілі бір адамның ар-ожданына тіл тигізетін сөз жарияланып кетсе, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мәселесі туындайды. Егер қосымшаны пайдаланушы есірткі жарнамасымен айналысса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, мысалы, қоғамда дүрбелең туғызатын немесе біреуге зиянын тигізетін жалған ақпарат таратса, онда оған қылмыстық жаза кесіледі" - дейді Кленчин.

Сонымен қатар заңгер Secret қосымшасына мемлекет тыйым сала алмайтынын, өйткені оның БАҚ қатарына жатпайтынын айтады. "Мысалы, "Комсомольская правда" газетінің осы секілді қосымшасы бар. Мемлекет бұл басылымға тыйым сала алады, бірақ қосымшасына ырқы жүрмейді. Заңсыз құрылысты тыюға болады, ал жұмысшылар қолындағы құрылысқа арналған құрал-сайманды алып қоя алмайсыз ғой. Бұл да сол секілді" - дейді Кленчин.

Өз кезегінде Алматы адвокаттар коллегиясының адвокаты Жохар Өтебеков Secret қосымшасында өтірікке сеніп, сөз таратқандарға оған өзінің  қатысы жоқтығын дәлелдеу қиынға соғатынын айтады. Ол үшін өтірікке сеніп қалған, алғашқы өсек-аяңды таратушыны табуы керек. Ол шетелде болуы да мүмкін ғой. "Азаматтық кодексте азаматтың шындыққа сәйкеспейтін мәлімет бергенін мойындап, сотқа жүгіне алатындығы туралы бап бар. Бірақ оған ұқсас процессуалдық тетік жоқ. Жалпы тәртіп бойынша әрдайым жауап беруші талап етіледі. Бұл - жалпы ғаламторға қатысты ортақ мәселе" - дейді Өтебеков.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети