09 желтоқсан 2020 | 17:24

Серверге қосылу мүмкін емес. 2020 жылы интернеттегі ең ірі оқиғалар дайджесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем халқының жартысынан көбі интернет пайдаланады. Сол себепті интернетті пайдаланудағы проблема және веб-ресурстарды қолданудағы шектеу үйде су немесе жарықтың өшуімен бірдей: желісіз өмір сүру қиындап кетті.   


Иконка комментария блок соц сети

Әлем халқының жартысынан көбі интернет пайдаланады. Сол себепті интернетті пайдаланудағы проблема және веб-ресурстарды қолданудағы шектеу үйде су немесе жарықтың өшуімен бірдей: желісіз өмір сүру қиындап кетті.   

"Жағдайды бақылауда ұстап отыратын" және тіпті ғаламдық желідегі кедергілердің рейтингін жасайтын арнайы сайттар бар. Кестеге, есептерге көз жүгіртер болсақ, Downdetector рейтингі ("Менде интернет нашар/Мен сайтқа кіре алмай отырмын" деген мәселелерді бақылап отыратын танымал ресурс), мына нәрсе түсінікті болады: интернет-жүйелердің миллиондаған аудиториямен жұмысы кезіндегі тұрақты ақаулар енді ерекше жағдай емес, норма саналады. 

Төменде көрсетілген мысалдар 2020 жылдың екінші жартысында цифрлық алып компаниялардың жұмысында болған кедергілердің бір бөлігі ғана. Бірақ осы жағдайлардың өзі мәселенің көрінісін көрсетіп отыр.  

WhatsApp: 2 миллиардқа жуық қолданушысы бар

14 шілдеде дүние жүзіндегі қолданушылар WhatsApp арқылы ақпарат ала да, жібере де алмады. Лезде ақпарат жинайтын Downdetector қосымшада проблема туғаны туралы 148 573 есеп алған. Оның ішінде, ең көбі Германия тұрғындары зардап шеккен (ол елден ақау туралы көп хабарлама келген). Сонымен қатар, Бразилия, Үндістан, Нидерланд, Мексика, Испания мен Ұлыбритания халқы да зардап шеккен. 

Zoom: қолданушы саны - 300 миллион 

24 тамызда АҚШ оқушылары виртуал сыныпқа оралған кезде мұғалімдер қатты қобалжымады. Бұл жайтқа қашықтан конференциялық байланыс орнату қызметін ұсынатын Zoom компаниясы алаңдай бастады. Zoom-ның жұмысындағы ақау оған кіретін адам саны көбейіп кетуімен байланыстырылды. Платформаны "құлатқан" оқушылардың кесірінен басқа қолданушылар жүйеге кіріп, онлайн-конференцияларға қатыса алмады - оның ішінде, АҚШ (қосымшада проблема туғаны туралы 17 874 есеп түскен), Ұлыбритания және Канада тұрғындары бар. 

Facebook: қолданушы саны - 2,7 миллиард адам

17 қыркүйекте дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі Facebook қолданушыларында проблема пайда болды. Мәселе туғаны туралы есептің жартысы қосымшаның мүлде істемейтінін айтып шағымданған - адамдар әлеуметтік желіге кіре алмай, оның басқа да функцияларын қолдана алмады. Қосымшада проблема туғаны туралы 30 918 есеп жасалған. Оның ішінде, италиялықтар, поляктар, ұлыбританиялықтар зардап шеккен.  

Telegram: қолданушы саны - айына 400 миллион

Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров 4 қазанда болған мессенджердегі ақау үшін кешірім сұрауына тура келді. Сол күні мессенджер қолданушылары жүйеге қосыла алмайтындарын айтып шағымданған. Оның жартысы Telegram-ға кіре алмаса, енді бірінің алдында басқа проблема туған: олар хабарламаларды жібере алмады. Көбіне Ресей, Италия, Германия мен Нидерланд тұрғындары шағымданған.  

YouTube: қолданушы саны - айына 2 миллиард

"YouTube ашылмай жатыр!". Бұл 7 қазан күні видеохостинг қолданушылары өте көп қолданған сөз шығар. Сол күні видео көруде, сервистің басты бетін ашуда немесе жеке парақшаға кіруде проблема туындаған. Көбіне АҚШ, Бразилия, Индонезия, Германия, Түркия, Жапония мен Ресей азаматтары шағымданған.  

Twitter: қолданушы саны - 330 миллион адам

Twitter платформасының қолданушылары жүргізетін микроблогтардың макросалдары болуы мүмкін. Дональд Трамп твиттерге жазса - мұнайдың бағасы түседі. Илон Маск твиттерге жазса - оның компаниясының акциялары құрдымға кетеді. Сервистің өзі де "құрдымға кететініне" таңданатыны жоқ. Мысалы 16 қазанда Twitter платформасында жаһандық ақау болды. Жүйедегі ақау туралы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Испаня, Бразилия және Ресей азаматтары айты. Олар сервиспен жұмыс істей алмай жатқандарын, соның ішінде, iPhone және iPad арқылы кіре алмай жатқандарын айтқан. 

Instagram: қолданушы саны - 1,2 миллиард адам

"Маған лайк баспайды!" деп сұрай беретін Instagram-блогерлерді 10 қараша күні тек бір нәрсе тоқтатты...әлеуметтік желідегі ақау. Downdetector мәліметінше, сол күні желі қолданушылары Instagram-ға кіре алмай, сториз бен басқа адамдар бөліскен жазбаларды көре алмады. АҚШ, Мексика, Ұлыбритания, Франция және Италиядағы желі қолданушылары Instagram-кумиріне лайк қойғысы келген шығар, бірақ ақау болғандықтан оны істей алмады. 

Spotify: қолданушы саны - 299 миллион адам

Әлемдегі ең үлкен стриминг музыкалық платформа Spotify-ды адамдар ерекше талғамы үшін жақсы көреді. Яғни Spotify алгоритмдері кез келген адамның талғамына сай бола алады және адамдар өзінің жүрегіне жақын өлеңін тыңдай алады. Ал 27 қарашада сервис бірнеше елде қолжетімсіз болды, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция, Польша, Португалия мен Нидерландта.   

Amazon Web Services: қолданушы саны - миллиондаған клиент

25 қарашада Amazon Web Services-те (AWS) ақау болған кезде IT-блогерлер "Amazon-да да осындай жағдай болады" деді. Сол күні орнаған ақау домино секілді болды, себебі AWS қолданатын сайттар, қосымшалар мен сервистер де қолжетімсіз болды. Айта кетерлігі AWS-те дүние жүзі бойынша деректер орталықтарына арналған 175-тен аса толық қызмет бар. Сол күні проблема Солтүстік Америкада шешілді. Бірақ гипотетикалық тұрғыда AWS-тегі бір ғана қарапайым ақаудың кесірінен дүние жүзіндегі компания қолжетімсіз болуы мүмкін. 

Бір қызығы, AWS-те ақау болған кезде өз қызметтерінің жағдайын бақылау тақтасында жаңартуларды әрдайым жариялау мүмкін емес. Сондықтан Amazon да меншікті сервистердің бос тұрып қалуынан да сақтандырылмаған.

Желідегі ақау физикалық өмірдегі апат секілді жиі болып тұратыны түснікті. Оптимистік ой тудыратын жалғыз нәрсе - ақаудан кейінгі қалыпқа келу жылдамдығы: сервистер бірнеше сағат ішінде қайта қалпына келеді. Қазір цифрлық платформалар "бүйірімен бірнеше күн жатты" дегенге сену қиын. Бірақ осыдан 10-15 жыл бұрын ол шынайы болатын. 2007 жылдардағы танымал сервис Skype екі күн бойы істемеді. Ал 2008 жылы MobileMe (iCloud-тың ізашары) бір ай бойы жұмыс істемей тұрған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети