19 қазан 2018 | 11:34

Шпекбаев әріптестеріне әлеуметтік желіге шығуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестерін әлеуметтік желілерде парақша ашуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестерін әлеуметтік желілерде парақша ашуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әріптестер, өткен жылдың аяғында мен Facebook желісінде парақшамды, азаматтардың ұсынысы мен шағымдары үшін жеке почтамды аштым. Осы уақыт аралығында мынадай тұжырымға келдім, бүгінгі әлеуметтік желілер - байланыстың маңызды арнасы, олардың теңдесі жоқ, тіпті дәстүрлі БАҚ-тан да асып түскен", - деді Шпекбаев ведомстводағы әріптестеріне.

"Орталық аппарат департаменттерінің, агенттіктің өңірлік бөлімдерінің басшыларына Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды тапсырамын. Бұл азаматтардың нақты проблемаларын бақылап отыруға мүмкіндік береді және жұмысымыздың ашықтығын қамтамасыз етеді. Әрқайсыңыз мінсіз имиджге қызығушылық танытасыздар деп ойлаймын. Желіде жемісті жұмыс істейміз деп үміттенемін", - деді Алик Шпекбаев. 

Ведомство басшысының айтуынша, агенттік қызметкерлерінің басым бөлігінің жұмысы таяуда цифрлық жүйеге ауысады. "Азаматтардың сұранысы артып келеді. Дамыған елдердің бірқатарында мемлекеттік органдар ресми жауаптарын әлеуметтік желі арқылы береді. Біз де жоспарлы түрде соған келе жатырмыз", - деді Шпекбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети