19 ақпан 2014 | 15:04

Шымбұлақ тау бөктерінде жүйткіген автокөлік ғаламторға ілікті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©youtube.com кадрынан алынды ©youtube.com кадрынан алынды

"Шымбұлақ" шипажайы басшылығы тау баурайында жүйткіген автокөлікті тіркеген бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнежазба YouTube желісінде 17 ақпанда пайда болған. Онда Subaru Legacy автокөлігі "Шымбұлақтың" тау жотасында сноуборд теуіп жүргендерге жүйткіп келіп, өз өнерін көрсетеді. Шипажай басшылығы бұл роликтің әдейі орнатылғанын, оны кейіннен жойғандарын мәлімдеген. Ондағы басты мақсат - шипажайға назар аударту. Көлік қарда сырғанауға арнайы әзірленген. Көлік тізгінінде - Қазақстанның дрифт бойынша чемпионатына қатысушы, каскадер Антон Авдеев. Сондай-ақ бейнетүсірілімге кәсіби сноубордистер де қатысқан. "Шымбұлақ" шипажайы атынан бұл роликтің арнайы түсірілгенін және оған кәсіби каскадерлердің қатысқанын мәлімдейміз. Бейнетүсірілім басталмастан бұрын "Шымбұлақ" мамандары тау баурайындағы қардың қалыңдығын және қар көшкіні қаупін әбден зерттеген. Одан кейін арнайы техникамен тау бөктеріндегі қарды жаймалаған. Осы ролик түсірілімі барысында құтқарушылар, алғашқы көмек және өрт сөндірушілер қызметкерлері сақадай-сай тұрды. Түсірілім барысында каскадерлердің бірде бірі қандай да бір жарақат алып, зардап шеккен жоқ. Біз бұл шараға біршама уақыт дайындықпен келдік, оқиғаның бірнеше нұсқасын да талдадық, оқыс оқиға орын алса, дұрыс әрекет ететіндей жайтқа басымдық бердік. Осы көрсетілімге қатысқан барлық жігіттерге алғысымызды білдіргіміз келеді деп атап өтті "Шымбұлақ" тау шипажайының оперативті қызмет жөніндегі менеджері Алексей Домницкий.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer