Шымбұлақ тау бөктерінде жүйткіген автокөлік ғаламторға ілікті

19 Ақпан 2014, 15:04
0
Шымбұлақ тау бөктерінде жүйткіген автокөлік ғаламторға ілікті - ©youtube.com кадрынан алынды
©youtube.com кадрынан алынды
"Шымбұлақ" шипажайы басшылығы тау баурайында жүйткіген автокөлікті тіркеген бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазба YouTube желісінде 17 ақпанда пайда болған. Онда Subaru Legacy автокөлігі "Шымбұлақтың" тау жотасында сноуборд теуіп жүргендерге жүйткіп келіп, өз өнерін көрсетеді. Шипажай басшылығы бұл роликтің әдейі орнатылғанын, оны кейіннен жойғандарын мәлімдеген. Ондағы басты мақсат - шипажайға назар аударту.

Көлік қарда сырғанауға арнайы әзірленген. Көлік тізгінінде - Қазақстанның дрифт бойынша чемпионатына қатысушы, каскадер Антон Авдеев. Сондай-ақ бейнетүсірілімге кәсіби сноубордистер де қатысқан.

"Шымбұлақ" шипажайы атынан бұл роликтің арнайы түсірілгенін және оған кәсіби каскадерлердің қатысқанын мәлімдейміз. Бейнетүсірілім басталмастан бұрын "Шымбұлақ" мамандары тау баурайындағы қардың қалыңдығын және қар көшкіні қаупін әбден зерттеген. Одан кейін арнайы техникамен тау бөктеріндегі қарды жаймалаған. Осы ролик түсірілімі барысында құтқарушылар, алғашқы көмек және өрт сөндірушілер қызметкерлері сақадай-сай тұрды. Түсірілім барысында каскадерлердің бірде бірі қандай да бір жарақат алып, зардап шеккен жоқ. Біз бұл шараға біршама уақыт дайындықпен келдік, оқиғаның бірнеше нұсқасын да талдадық, оқыс оқиға орын алса, дұрыс әрекет ететіндей жайтқа басымдық бердік. Осы көрсетілімге қатысқан барлық жігіттерге алғысымызды білдіргіміз келеді деп атап өтті "Шымбұлақ" тау шипажайының оперативті қызмет жөніндегі менеджері Алексей Домницкий.





  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай