Телефон алаяқтарынан қалай қорғану қажет?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Stopfake.kz редакциясы телефон алаяқтарынан қалай қорғану керек екені туралы кеңестер дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Stopfake.kz редакциясы телефон алаяқтарынан қалай қорғану керек екені туралы кеңестер дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Материалда телефон алаяқтары қоңырау шалып тұрғанын қалай тануға болатыны және олардың айласына түспеу түсіндіріледі.

Алаяқ па, әлде банк қызметкері ме?

Әңгімелесуші сіз ақша салған банкте жұмыс істейтінін айтады. Ол сыпайы, сауатты сөйлейді, сіздің толық аты-жөніңізді және сіз туралы басқа да ақпаратты білуі мүмкін. Сенбеңіз! Біріншіден, банк қызметкерлері өз клиенттеріне сирек қоңырау шалады. Екіншіден, қызметкердің қоңырау шалғанын банктің call-орталығына қоңырау шалып, нақтылай аласыз.

Қоңырау төрт таңбалы нөмірден келді. Бұл банк емес пе?

Жоқ. SIP-телефония көмегімен алаяқтар кез келген нөмірді, соның ішінде қысқа нөмірді де жасай алады. Қоңырау шалған нөмірге қарап, қорытынды жасаған дұрыс емес.

Олар менің шотыма қауіп төніп тұрғанын айтып, ақшаны басқа, қауіпсіз аударуды ұсынды. Солай істеуім керек пе?

Жоқ. "Қауіпсіз шот" терминін алаяқтардан басқа ешкім қолданбайды. Ресми банктерде барлық шоттар әдепкі бойынша қауіпсіз. Салымшылардың қаражаты сенімді қорғалған, ал қауіпсіздік жүйелері үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Бұл ең айлакер алаяқтардың шоттарда сақталған ақшаға қол жеткізуіне жол бермейді.

Олар менің атыма біреулер несие алмақ болғанын және басқа бір айна шот ашуым керек дейді. Бұл да өтірік пе?

Иә. "Айна несиелер" болмайды. Оны алаяқтар ойлап тапты. Бірде-бір банк сіз болмасаңыз сіздің атыңызға несие рәсімдемейді. Бұл сіз қателесіп немесе кездейсоқ өз деректеріңізді ұсынғанда және банк қосымшасына кіруге үшінші тұлғаларға рұқсат бергенде ғана мүмкін.

Мен ақшаны шоттан шотқа аударсам немесе несие алсам, алаяқтар қандай пайда көреді?

Қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіре отырып, алаяқтар сізді ақшаны оларға аударуға итермелейді. Олар "қауіпсіз ұяшық" деп өздерінің шоттары мен карталарының нөмірлерін айтады. Несие алғанда да солай. AnyDesk немесе TeamViewer сияқты қашықтан кіру бағдарламаларын қолдана отырып, алаяқтар банктен алған ақшаларын өздеріне аударады.

Мұндай қоңыраулардан қалай қорғануға болады?

Егер әңгімелесуші сізді банктік шотпен қандай да бір әрекет жасауға көндірсе, жинақтарды жоғалтуыңыз немесе қарызға кіруіңіз мүмкін деп айтса, бірден әңгімені тоқтатыңыз. Банк қызметкерлері олай істемейді, сонымен қатар олар клиенттерден SMS-парольдер, CVC-кодтар, логиндер және басқа да дербес деректерді сұрамайды. Егер өз шотыңыздың сақталуына алаңдайтын болсаңыз, банкке қоңырау шалып, ақшаңыздың барына көз жеткізіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro