Telegram ақылы функцияларды іске қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram ақылы функцияларды іске қосады Фото ©РИА Новости

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерді монетизациялау жоспары барын айтты. Бұл туралы ол Telegram-дағы Durov Russia каналында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерді монетизациялау жоспары барын айтты. Бұл туралы ол Telegram-дағы Durov Russia каналында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен көбіне Telegram-ның шығындарын жеке жинағымнан төлеп жүрдім. Алайда қазір Telegram өсу қарқынын көрсетіп, пайдаланушылар саны миллиардқа жақып келеді. Бұдан шығын да келеді.

Біз Telegram-да контент жасаушылар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы барлық пайдаланушының байығанын қалаймыз", - дейді ол.

Сонымен қатар, Павел Дуров желіні белсенді пайдаланатындар саны 500 миллионға жақындап келе жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, технологиялық компания осындай деңгейге жеткенде дамудың 2 жолы бар: шығындарды жабу үшін ақша табу немесе ірі компанияға сату.

Алайда Дуров WhatsApp желісінің негізін қалаушылар сияқты компанияны сатпайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап мессенджер монетизациялауды бастайды. Telegram-дағы барлық сервис тегін болып қалады, әрі жеке және топтық чаттарда жарнама болмайды. Оның орнына Telegram серверлер мен трафик шығындарын жабуға мүмкіндік беретін жарнамалық канал платформасын енгізеді.

Сонымен қатар, егер қосымша мүмкіндік беретін жаңа стикерлер пайда болса, онда бұл стикерлерді салған суретшілері де табыстың бір бөлігіне ие болатыны айтылады.

Павел Дуров көптеген пайдаланушы айтарлықтай өзгерісті байқамайтынын, қарапайым адамдар Telegram-ды тегін пайдалана беретінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети