Telegram-арналарда наразылық білдірушілер түсірілген видео тарап жатыр. Видео жазбасында оқиға Қазақстанда болғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Telegram-арналарда наразылық білдірушілер түсірілген видео тарап жатыр. Видео жазбасында оқиға Қазақстанда болғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Telegram-арналарда Қазақстанда наразылық білдірушілер бронтранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырып жатқаны түсірілген видео тараған.
"Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылғы ақпанда Киевте Майданда болған наразылық шарасы кезінде түсірілген. Сол кезде видео YouTube-та және бірнеше жаңалықтар порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға қатысы жоқ", - деп жазды портал тілшілері.
Айта кетейік, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматыда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген болатын.
Алматыда коменданттық сағат енгізілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!