Telegram-да жаңа функция пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram-да жаңа функция пайда болуы мүмкін Сурет ©REUTERS

Telegram мессенджерінде қорғаныс функциясы пайда болуы мүмкін. Функция таңдалған мәтінді жасыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram мессенджерінде қорғаныс функциясы пайда болуы мүмкін. Функция таңдалған мәтінді жасыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап.

Функция мәтін форматын белгілеу түрінде пайда болады. Желі қолданушысы мәтінді жібермес бұрын оның бір бөлігін белгілеп, құпия болуы үшін оған "спойлер" форматын қолданады. Белгіленген мәтін бұлыңғыр болады және хат алушы хабарламаны басқан кезде ғана оқи алады.

ВКонтакте әлеуметтік желісінің бұрынғы баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин функция қалай жұмыс жасайтынын мысал ретінде көрсетіп, жазба жариялады.

Telegram-да бұл функция қашан пайда болатыны әлі белгісіз.

Бұған дейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров компания жарнамадан түскен пайданы арна әкімшілерімен бөлісетінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети