Telegram жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады Фото ©REUTERS

Telegram мессенджері қоғамдық арналарда бұрын жарияланған жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram мессенджері қоғамдық арналарда бұрын жарияланған жарнама функциясын сынақтан өткізе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді жарнамалық хабарлар 1000-нан аса жазылушысы бар үлкен арналарда жазбаның соңына қарай түссеңіз шығады. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров жазды.

"Telegram жарнамалық хабарламаларды сынақтан өткізе бастады. Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?"- делінген хабарламада.

Telegram-дағы ресми жарнамалық хабарламалар кедергі келтірмейтіні айтылды. Жарнамада артық сілтемесіз немесе суретсіз қысқа мәтіндерге рұқсат етіледі. Жарнама арнадағы барлық жаңа хабарламаны көргеннен кейін ғана пайда болуы мүмкін.

Еске салайық, қазанның соңында Дуров жақында Telegram-да ресми жарнамасы бар блоктар пайда болатынын хабарлады. Ол пайдаланушылардың көпшілігі бұл жаңалықты байқамай қалуы мүмкін екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети