Telegram мәліметтер базасын арнайы қызметтерге тапсырып отырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram мәліметтер базасын арнайы қызметтерге тапсырып отырады © REUTERS

Telegram терроризмге қатысы бар күдікті қолданушылар жайлы мәліметтерді арнайы қызметтерге беріп отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мессенджердің сайтында жарияланған құпиялылық саясаты туралы пунктінде осылай жазылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram терроризмге қатысы бар күдікті қолданушылар жайлы мәліметтерді арнайы қызметтерге беріп отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мессенджердің сайтында жарияланған құпиялылық саясаты туралы пунктінде осылай жазылған.

"Егер Telegram сіздің терроризмге қатысыңыз бары және күдікке ілінгеніңіз жайлы сот үкімін алған жағдайда біз сіздің IP-адресіңізді және телефоныңызды құзырлы органдарға тапсыруымыз мүмкін. Әзірге мұндай шара болған емес. Егер осындай жағдай тіркелсе, t.me/transparency сайтында жарияланған жартыжылдық есеп беруге тіркейтін боламыз", - делінген жаңа пунктте. 

Еске салайық, сәуірде Ресейде Telegram шифрлау кілтін ФСБ-ге бермегені үшін Желіге шектеу қойылды. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстан Telegram мессенджерін бұғаттауға қызығып отырмағанын мәлімдеді. 

Telegram желісіндегі ДВК тобына қосылғаны үшін қазақстандықтар қандай жазаға ұшырайды?

Telegram желісін "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің құрылтайшысы Павел Дуров ашқан. The New York Times басылымына берген сұхбатында Дуров мессенджер ашу туралы идея 2011 жылы үйіне арнайы жасақ өкілдері келгенде пайда болғанын айтады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети