Tengrinews.kz-тің Android қосымшасын 50 мыңнан астам адам жүктеді

©play.google.com

Tengrinews.kz порталының Android операциялық жүйесі базасындағы ұялы телефондарға арналған қосымшасы ең көп жүктелетін мобильді қосымшалардың тізіміне енді.

Google Play-дің мәліметінше, Tengrinews.kz-тің Android базасына арналған қосымшасы 50 мыңнан көп рет жүктелген. Айта кетейік, ең көп жүктелетін қазақстандық ұялы қосымшалардың арасында "Колеса", Kino.kz, iDrive.kz, Egov.kz, OLX.kz, Kiwi.kz, "История Казахстана ЕНТ", "ПДД Казахстан 2014", "Уголовный кодекс РК", "Билеты КТЖ" және басқалар бар.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Tengrinews.kz порталының Android операциялық жүйесі базасындағы ұялы телефондарға арналған қосымшасының жақсартылғаны хабарланған еді. Бағдарламаны жасаушылар барлық бөлімнің дизайнын жаңартты, "Ауа райы", "Валюталар бағамы" сервистерінің жұмысы жақсартылып, Tengri FM радиосы үшін бөлек бет ашылды. Tengrinews.kz-тің Android базасына арналған қосымшасында қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін кейбір функциялар да өзгертілді. "Біз "Пікір қалдыру" түймесін жаңаладық. Енді пікір қалдырған кезде формада қолданушының аты мен электронды поштасы сақталатын болады", - деді ақпарат порталының техникалық департаментінің өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама