18 тамыз 2014 15:05

Tengrinews.kz қосымшасы Android-планшеттерге лайықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©play.google.com ©play.google.com

Tengrinews.kz қосымшасы Android-планшеттерге бейімделді. Бағдарламаны жасаушылар бұл платформада қолданушылар санының көбейетінін болжап отыр. Қазір олардың қатары мыңға жуықтайды.


Tengrinews.kz қосымшасы Android-планшеттерге бейімделді. Бағдарламаны жасаушылар бұл платформада қолданушылар санының көбейетінін болжап отыр. Қазір олардың қатары мыңға жуықтайды.

Қосымшаның жаңа нұсқасы оқуға ыңғайлырақ. "Бұрын смартфондардан ғана оқу ыңғайлы болатын, енді планшеттерде де ыңғайлы. Түрлі ұсақ қателіктер жойылып, өнімділігі жақсартылды", - дейді Tengrinews.kz-тің техникалық департаментінің директоры Виктор Мосалев.

Оның мәліметінше, жаңалықтар порталының ұялы телефондарға арналған қосымшасын 40 мыңнан астам адам орнатқан. Tengrinews.kz-тің iPhone-ға арналған қосымшасын 70 мың, iPad-қа арналған қосымшаны 17 мыңға жуық адам жүктепті. Windows Phone базасындағы құрылғылардан жаңалықтар порталына 1500-ге жуық оқырман кіре алады.

Бұған дейін, 14 сәуірде, Tengrinews.kz-тің iPhone-ға арналған қосымшасының жақсартылғаны хабарланған еді. Бағдарламаны жасаушылар оны Apple iOS 7-ге лайықтады. Сонымен бірге, Tengrinews TV бөлімі қосылды.

Ал оның алдында, 2013 жылы Tengrinews.kz-тің Android-қа арналған қосымшасы жаңартылған болатын. Мамандар ұялы телефон қолданушыларына Tengrinews TV-дің онлайн-трансляцияларын тамашалауға және МИКС дара айдарындағы жаңалықтарды оқуға мүмкіндік беруді жоспарлап отыр. Бұған қоса, келешекте қосымшаның ағылшын және қазақ тіліндегі нұсқалары іске қосылады. Windows Phone және Windows 8 операциялық жүйелері базасындағы ұялы құрылғыларға арналған қосымшалар да жаңартылатын болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети