Twitter 10 мың қаріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді

06 Қаңтар 2016, 14:41
0
Twitter 10 мың қаріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді -

Twitter микроблогтар сервисі қолданушыларына 10 мың әріптен тұратын жазба қалдыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды "Hi-tech Вести". Ал әзірше тек 140 қаріп жазуға болады.

Бірнеше мың қаріппен жазу мүмкіндігі әзірше қолданушылардың бір-біріне жібере алатын Direct Messages жеке хабарламаларында бар. "Ұзақ" твиттерді қазіргі уақытта мамандар тексеріп жатыр екен. Олар 140 символ жазбалары сияқты болады, тек жалғасын оқуға сілтемесі тұрады. Осылайша, Twitter сервисінің ленталар тізбегі өзгермейді. 

Сервистің басшысы Джек Дорси бұл жаңашылдықтың басты мақсаты деп белсенді қолданушыларды көбейтуді атап отыр. Ал осыған дейін қолданушылар өз ойын толық жеткізу үшін мәтінін сурет түрінде беріп келген еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай