Twitter бұрынғы көңілдестердің интимдік суреттерін жариялауға тыйым салды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Twitter өз қолданушыларына бұрынғы сүйіктілерінің интимдік суреттері мен видеоларын жариялауға тыйым салды. Бұл туралы микроблог сервисін қолданудың жаңа ережесінде айтылады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Twitter өз қолданушыларына бұрынғы сүйіктілерінің интимдік суреттері мен видеоларын жариялауға тыйым салды. Бұл туралы микроблог сервисін қолданудың жаңа ережесінде айтылады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Атап айтқанда, Twitter "Құпия ақпарат" пункті мен "Адамның абыройына нұқсан келтіруге қатысты саясат" тарауын өзгертті. Бұл бөлімдерге мына талап қосылған: "Егер жарияланған немесе таралған видео мен суретте бейнеленген адамның келісімі болмаса, әрі жарияланым интимдік сипатта болса, оны жариялауға тыйым салынады".

Микроблог қолданушылары ережелерді сақтамаса, аккаунттары құлыпталатын болады. Мұнымен қатар, компания жиі қойылатын сұрақтарға арналған жаңа бөлім ашты, онда бұл мәселенің қалай реттелетіні айтылған. Жауаптардың ішінде, мәселен, Twitter қолданушылардан олардың суретінің келісімсіз жарияланған жағдайы болды ма, жоқ па - осыны сұрайтын болатыны айтылған. Егер ереженің бұзылғаны анықталса, ереже бұзушының аккаунты тыйым салынған контент өшірілмейінше құлыпқа түсіп отырады. Сонымен қатар, біреудің абыройын төгетін мәлімет өшіріліп отырады. Микроблогтың ағылшын тіліндегі нұсқасына бұл өзгерістер 11 наурызда енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro