"ВКонтакте" желісінде жаңа реалити-шоу ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" желісінде жаңа реалити-шоу ашылады видеодан үзінді

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі "Паблик ойындары" атты жаңа реалити-шоу ұйымдастырып, қатысушыларға кастинг жариялады. Бұл шараға желідегі MDK, "Палата №6", "Борщ" және "Корпорация Зла" топтарына жазылған адамдар қатыса алады, - деп жазады TJ инсайдерлерге сілтеме жасап. 

Бірнеше кезеңнен өткеннен соң, 24 адам іріктелінеді. Оларды бейнебақылау камералары бақылап отырады. Сонымен қатар олар 24 тапсырма орындауы тиіс. Әр адам өз қауымдастығының намысын қорғайтын болады. 

"Мұндай шара әлеуметтік желіде бірінші рет ұйымдастырғалы отыр. Оның пабликтердің құрылтайшылары ұйымдастырды. Сондай-ақ бұл жарыста заманауи технологиялар қолданылады: мысалы ең әлсіз ойыншыны нейрожелі анықтайды", - деді "ВКонтакте" желісінің баспасөз қызметінің өкілі Евгений Красников. 

Көрермендер жаңа шоуды 2017 жылдың қыркүйегінде "Паблик ойындары" тобынан көре алады. Ерекше сериал 48 күнге созылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети