07 мамыр 2018 | 14:56

WhatsApp мессенджерінде смартфонды бұғаттайтын хабарлама табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TechCrunch © TechCrunch

WhatsApp қолданушылары смартфонды уақытша бұғаттайтын хабарламаның тарағанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды MensXP.


Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp қолданушылары смартфонды уақытша бұғаттайтын хабарламаның тарағанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды MensXP.

"Мына хабарламаны ашсаң WhatsApp біраз уақытқа дейін тұрып қалады", - делінген вирустық хабарламада. Артынша бос орын және "мұнда баспа" деген хабарлама келеді.

Кей жағдайда хабарлама қара батырма түрінде келеді және оны басудың қажеті жоқ.

Егер смартфонның иесі ол батырманы басар болса, қосымша бірден тұрып қалады, авторлар да соны ескертеді.

Сарапшылардың айтуынша, шындығында, бос орындарда хабарламалар жасырылған, олар мыңдаған символдан тұрады, оған басқан кезде гаджет жұмысының істен шығуына алып келеді. Бұл проблемадан құтылу үшін смартфонды сөндіріп, қайта қосу қажет.

Порталдың мәліметінше, бұл Android құрылғыларда ғана жүзеге асырылады. iOS базасындағы смартфондар үшін бұл трюк жұмыс істемейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети