WhatsApp пайдаланушыларына мәліметті Facebook-те бөлісу міндеттелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp пайдаланушыларына мәліметті Facebook-те бөлісу міндеттелді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WhatsApp әзірлеушілері мессенджерді пайлалану келісімін жаңартты. Енді оған жеке деректерді Facebook корпорациясына беруге келісу пункті қосылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp әзірлеушілері мессенджерді пайлалану келісімін жаңартты. Енді оған жеке деректерді Facebook корпорациясына беруге келісу пункті қосылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Келісімде Facebook корпорациясының бөлігі ретінде WhatsApp корпорациядағы басқа қосымшалармен пайдаланушының мәліметтерін бөлісетіні туралы жазылған. Бұл пайдаланушының әдеттері мен қалауын талдау туралы ақпарат үшін керек. 

WhatsApp мұны былай түсіндіреді: бұл мәліметтер пайдаланушылардың қалауын ескере отырып, жеке жарнама сервисін жақсарту үшін керек. 

Әзірлеушілер әлеуметтік желілердің өзара интеграциясы пайдаланушылардың мүмкіндігін арттырады деген сенімде. Facebook корпорациясына Instagram желісі мен Facebook Messenger кіреді. Әзірлеушілер жинап жатқан мәліметке геолокация, әлеуметтік желідегі белсенділік және корпорация бағдарламаларын смарфоннан өшіріп тастау туралы ақпараттар кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети