WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

WhatsApp мессенджері хабарламалар тарихын iOS және Android құрылғылары арасында жіберуді жеңілдететін жаңа опция енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджері хабарламалар тарихын iOS және Android құрылғылары арасында жіберуді жеңілдететін жаңа опция енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл функция хабарламалар тарихын, файлдар мен деректерді бір платформадан екінші платформаға ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта деректерді көшіру тек басқа бағдарламаларды қолдану арқылы ғана жасалады. Себебі Apple құрылғыларында дерек iCloud жадысында сақталса, ал Android құрылғылары деректерді Google Drive-қа сақтайды", - дейді басылымда.

Деректерді көшіру мүмкіндігі қазіргі уақытта жетілдіру сатысында және WhatsApp жаңартуларының бірінде пайда болады.

Бұған дейін WhatsApp бета-нұсқасында өте ыңғайлы функция тексеріліп жатқаны хабарланған болатын. Онда аудио хабарламаларды тыңдау жылдамдығын басқаруға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети