WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады ©️ depositphotos.com/dimarik

WhatsApp қолданушылары қажетсіз жаңа хабарламалардан қорғануға көмектесетін арнайы PIN-код орната алады. Қазір жаңа функция бета-тесттен өтіп жатыр. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp қолданушылары қажетсіз жаңа хабарламалардан қорғануға көмектесетін арнайы PIN-код орната алады. Қазір жаңа функция бета-тесттен өтіп жатыр. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа функцияның арқасында пайдаланушылар телефон нөмірлерін бірінші рет сөйлескен адамдардан жасыра алады. Бұл анонимділікті сақтағысы келетіндерге немесе байланыс деректерін ашқысы келмейтіндерге пайдалы болады. Шектеулер тек гаджеттегі телефон кітапшасында жоқ адамдарға әсер етеді.

"Егер пайдаланушы атына PIN-код орнатпауды шешсеңіз, атыңыз оны білетін кез келген адамға қолжетімді болады. Қолданыстағы контактілер мен ағымдағы сөйлесулер PIN-кодын қажет етпейді, өйткені ол жаңа пайдаланушылардың сұраныстарын басқару үшін арнайы жасалған",-делінген хабарламада.

WhatsApp-та одан әрі өзара әрекеттесу үшін пайдаланушылар PIN-кодтарын жеке бөлісуі керек деп болжанған. Әзірге жаңа функция әзірлеу және тестілеу сатысында. Ол қашан пайда болатыны әлі нақтыланбаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети