WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосты. Қолданушылар енді видео жіберіп жатқанда оның дыбысын алып тастай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы компания Twitter-парақшасында хабарлады. Бұл функцияны қазір Android қолданушылары пайдалана алады. Алайда функция iOS жүйесіне нақты қашан қосылатыны белгісіз.
🤫For your eyes, not your ears. You can now mute the audio on your videos before adding them to your Status or sending in chat. Now available on Android.
— WhatsApp (@WhatsApp) February 26, 2021
"Қарайсыз, бірақ естімейсіз. Енді видеоны статусқа қосып немесе чатқа жібермес бұрын дыбысын өшіре аласыз. Бұл Android жүйесінде қол жетімді", - делінген хабарламада.
Ол үшін видеоны жібермес бұрын дыбысты өшіру белгішесін басу қажет.
Is anyone seeing this feature in Whatsapp, stable or beta?
— Artem Russakovskii (@ArtemR) February 26, 2021
"You can now remove sound when sharing videos. Tap the mute icon before hitting send."
If so, could you please screenshot it and reply?
WhatsApp-тың видео редакторында дыбыс ұлғайтқыш белгішесін көруге болады. Дыбысты өшіру түймесі видео WhatsApp-қа жазылған-жазылмағанына қарамастан шығады. Яғни, функция қолданушылар басқа қосымшадан алынған, оның ішінде камераға түсірілген видеоны бөліскен кезде де жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!