WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды

27 Ақпан, 09:31
0
WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды - © Gadgets Now
© Gadgets Now

WhatsApp-та жаңа шектеу пайда болды. Енді қолданушыларды белгілі бір топқа оның рұқсатынсыз қосуға болмайды, - деп жазады "Российская газета".

Жаңа функцияны бұғаттау бөлімінен көруге болады. Онда топқа қосуға қай қолданушының құқығы бар екенін белгілеуге болады. Қолданушы топқа біреуді қосқысы келген жағдайда екінші қолданушыға өтініш келеді.

Басылымның мәліметінше, бұл функция бастапқыда Android смартфондарында, кейін ғана iOS қосымшаларында пайда болады.

Мұның алдында мессенджерде өшірілген хабарламаны оқудың әдісі айтылған еді. Мессенджердегі өшірілген хабарламаларды қалпына келтіру механизмі чаттағы резерв көшіру функциясы арқылы жүзеге асады, бұл функция қосымшаға әуелден енгізілген. Өшірілген хабарламаны оқу үшін қосымшаны өшіріп, қайтадан орнату қажет екен. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай