WhatsApp-та түрлі түсті статустар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та түрлі түсті статустар пайда болды © theRunet

WhatsApp статустары түрлі түсті болады. Енді қолданушылар тек фон мен қаріп түсін ғана таңдап қоймай, сілтемелерді де қоса алады, - деп хабарлайды VentureBeat компания өкіліне сілтеме жасап. Әзірше мұндай мүмкіндік қолданушылардың шектеулі санында ғана бар, алайда, жақында жалпыға қолжетімді болады. 

Facebook түсті статустарды былтырдан бері тестілеп келеді. Ал биыл наурызда оларды барлық қолданушы пайдалана алатын болды. Ендігі кезекте Facebook компаниясына тиесілі WhatsApp мессенджерінде де осындай қызмет түрі пайда болады. 

Қолданушылардың көпшілігі статустың фон бояуы ұнамсыз екенін айтқанымен, Facebook жаңа қызметті өзінің қосымшаларына қосуды жалғастырып жатыр. Компания өкілдері бұл қолданушылардың ынтасын арттырады деген ойда.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 496.04  course up  586.76  course up  6.46  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети