15 маусым 2021 | 10:32

YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамалаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ixbt.com Фото: ixbt.com

YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына - веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына - веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.

Google өкілі TheVerge басылымының журналистеріне жаңа шектеулер "қолданушылардың пікірін жақсартуға" арналғанын айтты.

Жоғарғы баннердегі жарнама блогы - YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. Дәрі-дәрмектерді, алкогольді немесе құмар ойындарды жарнамалаудан бас тарту YouTube-ті әр түрлі жастағы қолданушылар көре алатындай етіп жасайды.

Ал саясатына келер болсақ, жаңа шектеу YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі, мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау кезінде үш күнге жоғарғы баннерді сатып алған кезде дау шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети