YouTube-тің бас директоры Сьюзен Воджицки дизлайк саны көрсетілмеуі жағымсыз пікір азаюына әсер еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі платформаның ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
YouTube-тің бас директоры Сьюзен Воджицки дизлайк саны көрсетілмеуі жағымсыз пікір азаюына әсер еткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі платформаның ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Сьюзен Воджицки кейінгі жылдары компания жеке себептер бойынша дизлайктар қойылғанын қадағалап отырғанын айтты. Оның айтуынша, дизлайктар әрқашан роликтің көру жарамдылығын анықтауға мүмкіндік бермейді.
"Кез келген контент авторы өз пікірін білдіре алатынын сезінгенін қалаймыз. Сондықтан миллиондаған роликке дизлайк саны көрсетілмеуіне қатысты функцияны сынақтан өткіздік. Тестілеу кезінде дизлайк көрініп тұра ма, жоқ па деген мәселеге қарамастан, қаралым санында айтарлықтай айырмашылық байқамадық. Бірақ, ең бастысы "хейт" саны азайды", - деді YouTube бас директоры.
Ол видеоға дизлайк қою арқылы қолданушыларға осындай контенттер көп шықпайтынын, бірақ қазір бұл контент авторларын аңду құралы емес екенін айтты.
Сьюзен Воджицки платформаны дамытудың 2022 жылға арналған басым бағыттары туралы да айтты. Ол YouTube технологиялық трендтерді, соның ішінде NFT-ді ұстанатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, криптовалюта және NFT контент авторлары мен олардың жанкүйерлері арасындағы байланысты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
"YouTube экожүйесін дамытуға назар аударамыз. Бұл авторларымызға дамып жатқан технологиялардың, соның NFT-тің пайдасын көруге көмектеседі", - деді Воджицки.
Сондай-ақ, бас директор YouTube ойын стриминг платформасын белсенді түрде дамытуды жалғастыратынын және көрермендерге сөйлесуге мүмкіндік берілетінін айтты. YouTube қолданушылары басқаларға Twitch-ке ұқсас стримингтерге ақылы жазылым сыйлай алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!