Юрий Дудь Қазақстанда жаңа сұхбат түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Дудь Қазақстанда жаңа сұхбат түсірді Видеодан алынған кадр

"ВДудь" YouTube-арнасында ресейлік видеоблогер Руслан Усачевпен сұхбат шықты, шығарылымның бір бөлігі Қазақстанда түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВДудь" YouTube-арнасында ресейлік видеоблогер Руслан Усачевпен сұхбат шықты, шығарылымның бір бөлігі Қазақстанда түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу Ақтауда болды. Усачев әлемге саяхатқа шыққалы отырғанын айтты, ол енді ай сайын әртүрлі елде тұрады. Қазақстан - блогер тұрып үлгерген Черногориядан кейінгі екінші ел.

Шығарылымда Дудь пен Усачев Каспий теңізінің жағасына, Бозжыра шатқалына барады.

"Бірінші секундтан бастап Черногориямен салыстырғанда өркениеттің айырмашылығын сездім. Ел үлкенірек, байырақ екені сезілгендей. Адамдардың қажеттіліктері де көбірек. Қызығушылықтары әртүрлі", - деді Усачев. Блогер Қазақстанда тұруға болатынын айтты.

Руслан Усачев - ресейлік видеоблогер, жүргізуші, саяхатшы, суретші және фестиваль ұйымдастырушысы. "Пора валить!" тревел-шоуының жүргізушісі, сценарист. Усачевтің YouTube-тегі арнасына 2,5 миллионнан аса адам жазылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети