1 ақпаннан бастап Қазақстанда ескі банкноттар қабылданбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 ақпаннан бастап Қазақстанда ескі банкноттар қабылданбайды

Қазақстан Ұлттық Банкін 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз", - деді Ұлттық банк өкілдері.

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6 пайыз), Нұр-Сұлтанда (9,2 пайыз) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5 пайыз) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4 пайызы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6 пайыз) және 5 000 теңгелік (27,0 пайыз) банкноттар болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.76  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети