1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта тағайындалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қаңтардан бастап әлеуметтік саладағы төлемдер мен қызметтердің барлық түрлері проактивті форматта ұсынылады. Яғни, азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмек ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар жүйеден кезең-кезеңімен шығарылады", - деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдау толығымен проактивті форматқа ауысады деген норма жаңа Әлеуметтік кодексте қамтылған. Кодексті бүгін, 27 желтоқсанда Үкімет бекітті.

Жаңа ереже бойынша азамат мемлекеттік қолдауды тиісті органдарға жүгінбей-ақ ала алады. Бұл қажеттілікті мемлекет өзі анықтайды және барлық процедураларды автоматты түрде орындайды.

Проактивті формат азаматқа мемлекеттік қызметті алуды мемлекеттің өзі ұсынатын жүйе. Мысалы, жаңа туған нәрестенің анасы мобильді азаматтардың базасында тіркелсе, нәресте дүниеге келгеннен кейін оған хабарлама келеді. Әйел оған жауап беру арқылы нәрестенің туу туралы куәлігін ғана емес, әлеуметтік төлемнің тағы екі түрін беріп, баланы балабақша кезегіне қоя алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети