Мобильді аударымдар 1 қаңтардан бастап қандай жағдайда тексеріледі?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мобильді аударымдар 1 қаңтардан бастап қандай жағдайда тексеріледі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер үш ай қатарынан жеке тұлғаға 100 түрлі адамнан аударым түссе. Яғни қаңтарда – 100 адамнан, ақпанда – 100 адамнан және наурызда – 100 адамнан. Осы үш айдың ішінде 100 түрлі адамнан аударым түсіп, сонымен қатар аударылған ақшаның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, тек осы жағдайда ол салықтық бақылауға алынады", - деді Биржанов.

Оның айтуынша, бұл талаптардың ешқайсы жеке-жеке негіз болып саналмайды, барлығы бір мезгілде орындалуы тиіс.

Банктер мен салық органдары не істейді?

Вице-министрдің айтуынша, екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты фискалдық бақылау аясында ұсынатын болады. Бұл ретте шоттарды бұғаттау немесе жабу туралы сөз жоқ.

"Екінші деңгейлі банктер мұндай деректерді фискалдық бақылау үшін береді. Жеке тұлғалардың шоттары жабылмайды. Біз анықталған сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жолдаймыз, содан кейін оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігін анықтаймыз. Мүмкін, өзге де жағдайлар бар шығар, мысалы, қайырымдылық сияқты, мұның бәрі ескеріледі. Шоттарды автоматты түрде жабу көзделмеген", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.31  course down  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети