1 қаңтардан бастап темекі бағасы өсті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

1 қаңтардан бастап темекі бағасы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

1 қаңтардан бастап темекі бағасы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Жауапты органдардың шешіміне сәйкес, ең арзан темекі енді 630 теңгеден сатылады. Ал салада жүрген кәсіпкерлердің айтуынша, бұл сома 650 теңге шамасында болуы керек. Өйткені бұл өнімдер негізінен шетелден әкелінеді. Ал қазіргі валюта бағамы темекі құнын бір деңгейде ұстап тұруға келмейді.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, елімізде 4 миллионға жуық адам темекі тартады. Алайда бұл тек ресми ақпарат. Шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп. Сәйкесінше мұндай өнімге деген сұраныс та әрдайым жоғары.

Темекі бағасы қанша өссе де оны сатып алатындар қатары азаяр емес. Бірақ кәсіпкерлердің мәлімдеуінше, оның қымбаттау себебі басқа.

"Біз бизнес әр қорабының бағасы 650 теңгеден кем болмауы деп ұсындық. Ең төменгі баға адал темекі өнімдерін әкелетін компаниялар, өндірістегі затраталар, шикізаттар, расходтар, 10-15 процент пайдасы бар. Күрделі саудада көтерме саудада қосатын үлесі ең төменгі баға қандай екенін көрсетеді", - дейді "Қазалкотабак" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Темекінің қымбаттауына акциз бағасының өсуі де әсер етіп отыр. Бұл норма жақында Мемлекет басшысы қол қойған Салық кодексінде қарастырылған. Жауапты ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай шешім темекі тартатындар санын азайтуға бағытталған.

"1 қаңтардан акциз ұлғайтылады. 2022 жылы 100 000 дана фильтрлі сигаретке 12 300 теңге акциз қарастырылса, 2023 ж бастап 1000 дана фильтрлі сигаретке 14 100 теңге акциз мөлшерлемесі болады. 2024 ж бастап 1000 дана фильтрлі сигаретке 15 900 болады. Қазір халықтың арасында қыздырылған сигаретке де акциз мөлшерлемесі ұлғайтылады", - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментiнiң бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course down  584.15  course down  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro