1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі Фото:gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деп жауап берді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

"70 пайыз - бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары", - деп түсіндірді Ильин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course up  6.51  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети