1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері халық саны 200 мыңнан аса адамға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері халық саны 200 мыңнан аса адамға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасай отырып.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ресми түрде 18 миллион 879 мың 552 адам тұрған. 1 қарашада халық саны 19 миллион 82 мың 467 адам болды. Жыл басынан бері өсім 202 915 адамға жетті. 10 айда табиғи өсім жоғары болды - 222 338 адам. Көші-қон көрсеткіштері төмендеді. Жыл басынан бері елден басқа жаққа 19 423 адам тұрақты тұруға кетті.

Халықтың ең көп өсуі Нұр-Сұлтан (+44 411 немесе 3,75 пайыз), Алматы (+38 959 немесе 1,97 пайыз) және Шымкент (+32 655 немесе 3,04 пайыз) қалаларында байқалады. 1 қарашадағы жағдай бойынша елордада ресми түрде 1 миллион 228,8 мың адам, Алматыда - 2 миллион 16,2 мың адам, Шымкентте - 1 миллион 107,1 мың адам тұрады.

Халық саны сегіз облыста да өсті. Алты өңірде халық азайды - Ақтөбе (-753), Шығыс Қазақстан (-5 812), Қарағанды (-3 475), Қостанай (-5 481), Павлодар (-2 948) және Солтүстік Қазақстан (-5 115) облыстары.

Қала халқының саны 167 967 адамға өсіп, 11 миллион 319,3 мың адам боды. Ауыл халқының саны 34 948 адамға өсіп, 7 миллион 763,1 мың адам болды. Ауыл халқының көші-қоны азайды, жыл басынан бері 64 868 адам ауылдан кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети