1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 62,7 мың адамға жетті. Жыл басынан бері өсім 183,1 мың адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 62,7 мың адамға жетті. Жыл басынан бері өсім 183,1 мың адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер - Алматы облысы (2,1 миллион адам), Түркістан облысы (2,06 миллион) және Алматы (2,01 миллион).

Халық санының өсу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан (+38 962), Алматы (+35 356) және Шымкент (+30 293) көш бастап тұр. 1 қазандағы жағдай бойынша астаналықтар саны 1,18 миллион адамға, алматылықтар - 1,97 миллион адамға, шымкенттіктер - 1,07 миллион адамға жетті. Жыл басынан бері халық санының өсуі Қазақстанның 17 өңірінің 11-інде байқалды.

Халықтың қоныс аударуы - Шығыс Қазақстан (-4 856), Қостанай (-4 705) және Солтүстік Қазақстан (-4 349) облыстарында байқалады. 1 қазандағы жағдай бойынша ШҚО-да халық саны 1,36 миллион, Қостанай облысында - 864,5 мың, СҚО-да - 543,7 мың адам болды.

Жыл басынан бері қала халқы 1,37 пайызға, 11 миллион 303,6 мың адамға, ауыл халқы 0,40 пайызға, 7 миллион 759 мың адамға дейін өсті. Қазақстандағы қала халқының үлесі - 59,3 пайыз, ауыл халқының үлесі - 40,7 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети