31 тамыз 2021 | 11:28

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қыркүйекте Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдейді, оқу жылы, күзгі әскерге шақыру науқаны, халық санағы және қызметкерлерді вакциналау бойынша тексеріс басталады. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Қыркүйекте Қазақстанда карантин шектеулері жеңілдейді, оқу жылы, күзгі әскерге шақыру науқаны, халық санағы және қызметкерлерді вакциналау бойынша тексеріс басталады. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Карантин жеңілдейді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын ескере отырып, карантин шектеулері жеңілдетілді. Алайда Ashyq жобасына қатыспайтын мекемелерге әлі де жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Екінші жағынан, Ashyq қатысушыларына демалыс күндері түн ортасына дейін, ал Ashyq "көшбасшыларына" түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Бірнеше шектеу бар:

  • қызметкерлерінің Ashyq-та "жасыл" мәртебесі бар мекемелер ғана жұмыс істей алады;
  • мекемелерге тек "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады.

Сенбі күндері қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

Жұмыс күндері Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысанының жұмыс уақыты 22.00-ден түн ортасына дейін, Ashyq "көшбасшылары" үшін түнгі екіге дейін ұзартылған.

Алматыда карантин басқа қалаларға қарағанда кешірек - 4 қыркүйектен бастап жеңілдейді. 

Білім беру

Биыл мектептер, колледждер мен ЖОО-лар оқуды офлайн-форматта бастайды. 1 қыркүйектегі салтанатты жиын тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. 2-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары ұйымдастырылады. 

Мектеп, колледж, университет және балабақша ғимараттарына кіретін барлық ересек адам Ashyq арқылы өтуі керек. Бұл оқушылар ата-анасына, оқытушыларға, қызметкерлерге және оқу орындарының әкімшілігіне, сондай-ақ студенттерге қатысты.

Егер бала коронавирус жұқтырса немесе оның отбасы мүшелерінің бірі ауырып қалса немесе байланыста болса, оқушы екі апта бойы сабаққа жіберілмейді. Бала үшін оқу орындары қашықтан оқытуды ұйымдастырады.

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің оқу жылы бойынша ең өзекті қаулысын мына жерден оқуға болады.

Жаңа оқу жылы мен демалыс күндері туралы ақпаратты мына жерден көре аласыз.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап апталық нормативтік оқу жүктемесі өзгерді. "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша орта білім беру ұйымдары үшін енді аптасына 16 сағат оқу жүктемесі белгіленеді.

Вакцинация

Бұған дейін міндетті түрде коронавирусқа қарсы екпе алуы керек адамдар тізімі жарияланған болатын. Тізімге халыққа қызмет көрсету нысандары, көтерме және бөлшек сауда нысандары, мәдени-демалыс нысандары, білім беру және оқыту ұйымдарының, қоғамдық тамақтану орындары және т.б. Толық тізімді мына жерден табуға болады. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын барлық нысан қызметкерлері міндетті түрде вакцинациядан өтуі керек. Айта кетейік, егер адам екпе алуды қаламаса, ол әр 7 күн сайын ПТР сертификатын ұсынуы керек.

Қазақстанда қызметкерлердің вакцинация паспортын тексеру 1 қыркүйектен басталады.

Тексерілетін құжаттар:

  • вакцинация паспорты немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы анықтама;
  • тұрақты медициналық қарсы көрсетілім немесе соңғы үш айда COVID-19 жұқтырып, аурғаны туралы анықтама;
  • вакцина алмаған қызметкерлер үшін ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтамалар.

Айыппұлдар ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі және ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша салынуы мүмкін.

462-баптың 3-бөлігінде: мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды талаптарды немесе қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау (...), айыппұл салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде - 14 585 теңге,
  • лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде - 43 755 теңге,
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 АЕК мөлшерінде - 291 700 теңге
  • орта бизнес үшін 200 АЕК мөлшерінде - 583 400 теңге,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 500 АЕК мөлшерінде - рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұра отырып немесе онсыз, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата отырып немесе онсыз - 1 458 500 теңге.

425-баптың 1-бөлігінде былай делінген: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпай бұзу айыппұл салуға әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға 30 АЕК - 87 510 теңге,
  • лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 230 АЕК мөлшерінде - 670 910 теңге,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК мөлшерінде - 904 270 теңге,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК мөлшерінде - 4 667 200 теңге.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкеновтің айтуынша, жұмыс беруші COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерге, егер мұндай мүмкіндік болса, қашықтан жұмыс істеуге ауысуды ұсына алады.

Халық санағы

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Санақ Қазақстан халқының нақты жағдайын біліп қана қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмір аспектілері бойынша жағдайды болжауға мүмкіндік береді.

Алғаш рет мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады:

  • sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізу арқылы. Сайт виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге қай жерде орналасқанына қарамастан дербес санақтан өтуге және өзіне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады;
  • дәстүрлі санақ. Белгіленген мерзімде онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында өткізіледі.

Үйлерді аралау 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында өтеді. Сонымен қатар, деректердің қамтылуын және дұрыстығын тексеру мақсатында респонденттердің 10 пайызын тексеру жүргізіледі.

Күзгі әскерге шақыру науқаны

1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталады. Шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату үшін негізі жоқ 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас толықтырады.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді қызметтен шығару әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткен соң жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.

Әскерге шақырылғанда ПТР-сынамасын екі рет: шақыру кезінде құрама пункттерде және әскери бөлімдерде тапсырылады.

Президенттік кадр резервіне жаңа іріктеу

Президенттік кадр резервіне жаңа іріктеу 1 қыркүйекте басталады. Президент жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия резервке іріктеу тәртібін және оны өткізу жоспарын бекітті. Қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 қызметкер іріктеледі. Негізгі талаптар, бұрынғыдай, Қазақстан азаматтығы, жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы, кандидаттардың шынайы мотивтері мен олардың құндылық бағдарларын бағалауға бағытталған. Біз бірінші кезекте қоғамдық мүддені басшылыққа алатын жас таланттарды анықтауға баса назар аударамыз. Іріктеу кезеңінде ситуациялық міндеттерді шешу, мінез-құлықты анықту сұхбаты сияқты бағалаудың жаңа құралдары енгізіледі.

Президент тағайындаған мемлекеттік қызметкелер, саяси мемлекеттік қызметкер, "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкері және Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

Толығырақ мына жерден көре аласыз.

Саяхат

Қыркүйекте қазақстандықтар үшін Лондонға тікелей рейс ашылады. Нұр-Сұлтаннан Хитроу халықаралық әуежайына рейстер 18 қыркүйектен бастап қайта ашылады.

Ұшақтар аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Лондонға ұшу ұзақтығы 7 сағат 15 минутты, Нұр-сұлтан қаласына - 6 сағат 30 минут. Экономкластың базалық тарифі барлық алымдарды қоса алғанда, екі жаққа да 284 535 теңгеден басталады.

Ұлыбританияға сапар шегетін жолаушыларға вакцинация мәртебесіне және азаматтығына қарамастан коронавирусқа теріс нәтижесі бар ПТР-талдау туралы анықтама қажет. ПТР тесті ұшудан үш күн бұрын жасалуы керек және Ұлыбритания талаптарына сәйкес келуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети