Алматыда 1 мамырда велошеру өтеді. Соған байланысты қала көшелерінің бір бөлігі жабылады, ал автобустар әдеттегі маршрутын өзгертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда 1 мамырда велошеру өтеді. Соған байланысты қала көшелерінің бір бөлігі жабылады, ал автобустар әдеттегі маршрутын өзгертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы велоспорт федерациясы велошеруді ресми түрде ашады. Спорттық іс-шараға 1500-2000 адам қатысады. Велошеруге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел жәрдем көліктері, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етеді.
Тіркеу іс-шара күні офлайн өтеді. Веложарыс бағдарламасы бойынша, сағат 07:30-да "Нұрлы-Тау" БО көлік тұрағына қатысушылар жиналуы тиіс. 08:00-де тіркеу басталады. 09:00-де веложарыс басталады. Мәре 11:30-да Тұңғыш Президент саябағында.
Бағыт Әл-Фараби даңғылы арқылы өтеді. Осыған байланысты осы учаскеде 7:30-дан 11:30-ға дейін автокөлік қозғалысы шектеледі, 25 автобус маршруты уақытша өзгертеді.
Өзгертілген маршруттар тізімі:
№ 101 – солтүстік жағына – Жароков көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;
№103 – соңғы пунктті Орбита-2 ш/-ға ауыстыру;
№116 – солтүстік жағына – Жароков көшесі - Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;
№119 – солтүстік жағына қарай - Саин көшесі – Розыбакиев көшесі – Жандосов көшесі – Береговой көшесі - ары қарай сызба бойынша;
№ 121 - оңтүстік жағына қарай – Науаи көшесі – Торайғыров көшесі – Мұстафин көшесі – бұрылу – соңғы аялдама Орбита-2 ш/а аялдамасы, солтүстік жағы - Орбита-2 ш/а Мұстафин көшесі – Торайғыров көшесі – Науаи көшесі-әрі қарай сызба бойынша;
№123 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы-Қожабеков көшесі-Розыбакиев көшесі - одан әрі сызба бойынша;
№127 – оңтүстікке қарай - Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі-Желтоқсан көшесі-Тимирязев көшесі-Жароков көшесі - ары қарай сызба бойынша;
№ 135 - оңтүстік жаққа қарай-Науаи к - сі - Торайғыров көшесі-Мұстафин көшесі-бұрылу-соңғы аялдама Орбита-2 ш/а;
№15 - солтүстік жағына - Жароков көшесі - Тимирязев көшесі - Жандосов көшесі - Алтынсарин даңғылы - одан әрі сызба бойынша, оңтүстік жағына - Алтынсарин даңғылы-Жандосов көшесі-Тимирязев көшесі-Жароков көшесі-бұдан әрі сызба бойынша;
№ 221 - тоқтата тұру;
№28 - Әл-Фараби даңғылына жетпей Дулати көшесінің бұрылысы;
№ 30 - солтүстік жағына - Жароков к - сі-Тимирязев көшесі-ары қарай сызба бойынша;
№ 31 - солтүстік жағына - Жароков к - сі-Тимирязев көшесі-ары қарай сызба бойынша;
№ 32-соңғы пунктті Орбита-2 ш/а- ға ауыстыру .
№ 34-соңғы пунктті Орбита-2 ш/а-ға ауыстыру;
№38 - Әл-Фараби д-лы - Достық д-лы - Абай д-лы – Саин көшесі-ары қарай сызба бойынша;
№ 38а - Сайын көшесі - Жандосов көшесі - Розыбакиев көшесі-Әл - Фараби даңғылы-одан әрі сызба бойынша;
№ 62 – батыс жағына - Әл-Фараби даңғылы-Достық даңғылы-Абай даңғылы - одан әрі сызба бойынша;
№63 - Назарбаев даңғылы-Сәтпаев көшесі-Жандосов көшесі-Береговой көшесі - ары қарай сызба бойынша;
№63а - Береговой к - сі - Жандосов көшесі-Розыбакиев көшесі-әл-Фараби даңғылы-одан әрі сызба бойынша;
№67 - оңтүстік жағына - Алтынсарин даңғ. - Жандосов көшесі - Жароков көшесі-бұдан әрі сызба бойынша, кері жағына-қозғалыстың кері тәртібімен;
№ 77 - солтүстік жаққа - Жароков көшесі - Өтепов көшесі-Розыбкиев көшесі – ары қарай сызба бойынша;
№81 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы-Қожабеков көшесі-Розыбакиев көшесі - одан әрі сызба бойынша;
№86 - оңтүстік жағына - Назарбаев даңғылы - Сәтпаев көшесі - Жандосов көшесі - Сүлейменов көшесі - Мұстафин көшесі - КО "Торайғыров/ Мұстафин", кері жағына - КО "Торайғыров/ Мұстафин", - КО Торайғыров көшесі-Науаи көшесі-Жандосов көшесі-Сәтбаев көшесі-Назарбаев даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша;
№ 98 - оңтүстік жағына - Гагарин даңғылы - Қожабеков көшесі - Розыбакиев көшесі - Тимирязев көшесі-одан әрі сызба бойынша кері жаққа.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!