1 мамырда елімізде күн жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 мамырда елімізде күн жылы болады ©Тengrinews.kz

1 мамыр мерекесінде Қазақстанда күн жылы, әрі бұлтсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап. Синоптиктердің болжауынша, 30 сәуірден бастап, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда жылы ауа райы қалыптасады.

Ел аумағының көп бөлігіне дүлей дауыл мен суық ауаны алып келген қалың циклон Шығыс Сібір аймағына қарай ауысты. Дегенмен республика көлемінде әлі бірер тәулік бойы салқындық сақталады. Шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын болады, түнгі мезгілде қар жауады, ауа температурасы 0-8 градусқа дейін төмендейді. 

Мамандардың мәліметінше, бұдан соң қазақстандықтарды қайтадан жаңбырлы ауа райы күтеді. Бұған дейін синоптиктер елімізде мамыр айында күннің жылы болатынын хабарлаған еді. Олардың мәліметінше, республиканың Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа аумақтарында ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жауын-шашын нормадан көп түседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети