Нұр-Сұлтан білім басқармасы 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штаттық режимде жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан білім басқармасы 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымының жұмысын штаттық режимде жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан "кезекші топ" режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және ата-аналардың қалауы бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады", - деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова
Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады.
"1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланып отыр", - деді Қадырова.
Елордада 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 55 708 бала оқиды. Оның ішінде: 94 - мемлекеттік, 237 - жекеменшік балабақша, оның ішінде 214 - мемлекеттік білім беру тапсырысы, 43 - шағын орталық, 3 - ведомстволық ұйым. Орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында 3 485 бала білім алады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!