20 наурыз 2022 | 14:34

1 миллиард теңгеге салынады деген мемориалдық кешен құрылысы тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен жобасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен жобасы

Ұлттық экономика министрлігі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрылысы жобасын мақұлдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрлігі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрылысы жобасын мақұлдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысы Ордабасы ауданында жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын "Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылысы" жобасы 511,9 миллион теңге республикалық бюджетті нақтылау үшін Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған.

"Қазіргі уақытта "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында білім беру нысандарын жаңғырту (мектептерді кеңейту, балабақшалар салу), денсаулық сақтау бойынша (емханаларды жөндеу, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу) және басқа да әлеуметтік нысандар басым бағыт саналады. Осылайша нысан жобасын (Түркістан облысындағы мемориалдық кешен) министрлік қолдамады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған кешен құрылысы туралы 2020 жылы хабарланған болатын. Оның құрылысы 2020 жылдың қарашасында басталып, 2021 жылдың қазанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Мемориалдық кешеннің жалпы ауданы жоба бойынша 5 гектар болады. Нысан кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, мәжіліс залы, спорт залы, киім ауыстыратын, спортшылардың жуынатын бөлмелері және басқа да қажетті құралдармен жабдықталуы тиіс еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети