30 наурыз 2023 | 12:16

1 сәуірде төлем мерзімі аяқталады: алматылықтарға ескерту жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Төлем мерзімі аяқталғанға дейін бірнеше күн қалғанына қарамастан, Алматы қаласының 105 мың тұрғыны жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден аса көлік салығын төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Төлем мерзімі аяқталғанға дейін бірнеше күн қалғанына қарамастан, Алматы қаласының 105 мың тұрғыны жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден аса көлік салығын төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 1 сәуірде меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалардан 2022 жылға арналған көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.

Алматы қаласы бойынша 441 221 жеке тұлғаның меншік құқығында 709 944 көлік құралы бар, олар бойынша 2022 жылға 16,6 миллиард теңге салық есептелген.

"2021 жылмен салыстырғанда көлік құралдарының саны 108 124 автомобильге немесе тиісінше 18 пайызға, салық базасы 2,2 миллиард теңгеге өскен.

Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін көлік салығын төлемеген адамдарға мынадай шаралар қолданылатынын білу маңызды: мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеу, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына "салық бұйрықтарын" жібереді, оның негізінде мүлікке және банк шоттарына тыйым салынады, шетелге шығуды шектеу. Сонымен қатар, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары қарастырылған", - делінген хабарламада.

Осы шараларды болдырмау үшін төлем мерзімі аяқталғанға дейін жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықты төлеуге шақырамыз, дейді МКД өкілдері.

Салық сомасын е-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында дербес есептеуге болады www.kgd.kz, толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети