2019 жылдың 1 шілдесінен бастап аз қамтылған отбасындағы балаларға 20 789 теңгеден беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасы табысы кедейлік шегінен төмен болса, ондағы әр бала ай сайын 20 789 теңге алып отырады", - деп түсіндірді Сапарбаев.
20 789 теңге - күнкөріс минимумының 70 пайызына тең. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша, елдегі күнкөріс минимумы - 29 698 теңге.
Осыған дейін Сапарбаев көпбалалы отбасыларға қандай көмек көрсетілетінін айтқан еді.
Еске салайық, мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға минимал төлемді 21 мың теңге сомасында бекітуді тапсырған болатын. "Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 111 мың отбасы алып жатыр. Үкіметке мұндай отбасыларға көрсетілетін көмектің талаптарын күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеруді тапсырамын. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің минималдық көрсеткіші 21 мың теңге болсын. Оның үстіне, оны алу үшін әркімнің босағасын жағаламау үшін әлеуметтік көмек көрсету процедурасын барынша жеңілдету керек", - деген еді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.