30 маусым 2021 | 16:22

1 шілдеден бастап қазақстандықтар электр энергиясының ақысын басқаша төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрлігі электр энергиясына тарифтерді екіге бөліп тастады. Бірі ЖЭК-тен (жаңартылатын энергия көздерінен) алынған, екіншісі дәстүрлі генерациялау әдісімен алынған. Осылайша, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қайта қаралды және 1 шілдеден бастап жаңартылатын энергия көздерін қолдауға үстемеақы тетігі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік ақпаратына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

24 маусымда "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы бұйрыққа өзгерістер енгізілді. 1 шілдеден бастап тұтынушылар үшін төлем өндірілетін электр энергиясы көзіне қарай сараланады. Энергетика министрлігі редакция сұрағына баға өспейтінін айтты, бұл өзгеріс тек қаржы ағындарын бөлу тәсіліне қатысты.  

Осылайша, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын оған шекті тарифтен және ЖЭК пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыдан тұратын бағадан аспайтын мөлшерде өткізетін болады.

ЖЭК-ті қолдауға үстемеақыны жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға арналған шығындар мен шартты тұтынушы саналатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын шығару көлемі негізінде жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы есептейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети